Шымкентте жас суретшілердің көрмесі өтті. Қылқалам өнеріне жаңадан қадам басқан жас дарындардың туындылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Бейнелеу өнері музейінде өткен шара өңірімізде жас суретшілердің шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Тәуелсіздік, Отан, туған жер тақырыптарындағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ал туындылар тың тақырыптарды қамтыды. Тамашалаушыларға ой салып, эстетикалық сезім сыйлады. Сондай-ақ, көрме арқылы жас суретшілер тәжірибе алмасып, шығармашылықтарын шыңдауға мүмкіндік алды. Іріктелген еңбектер Астанада өтетін «Шабыт» халықаралық байқауына қатысады. Облыстық жас суретшілер шығармашылық бірлестігінің төрағасы Берік Бейісбековтің айтуынша, "Шабыт" байқауына қатысушыларға облыстық мәдениет басқармасы демеушілік жасайды.