Аудан әкімдері тұрғындармен күнде кездеседі Избранное

Среда, 18 Июль 2018 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2616 раз

Шымкенттегі аудан әкімдері халықпен күн сайын кездеседі. Қала активінің отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындай тапсырма берді.

Жаңа кесте

Осылайша бұған дейін азаматтарды аптасына бір рет қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
- Бұрын азаматтарды аптасына бір рет, белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Ғабидолла
Әбдірахымов.Қала əкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті. Айта кетейік, бұған дейін қаладағы 3 ауданға жаңа әкімдер тағайындалған болатын.

А.СӘДУӘЛІ

Последнее изменение Среда, 25 Июль 2018 06:25
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.