Қала күні – 19 маусым болып белгіленді Избранное

Пятница, 26 Октябрь 2018 05:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5334 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясында депутаттар қала күнін ресми белгіледі. Бұл да тарихи шешімдердің бірі. Бұдан былай қала күні мерекесі ресми 19 маусым күні атап өтіледі. Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2018 жылғы 19 маусым күні Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Без имени-1

Сессияда қала әкімі Ғабидолла Әбдiрахымов сөз алып, қала күнін белгілеу маңызды шешім екеніне тоқталып өтті. Шаhар басшысының қала күнiн Елбасының Жарлығына сай, 19 маусым деп белгiлеу туралы ұсынысын мәслихат депутаттары бiрауыздан қолдады.
– Еліміздің үшінші мегаполисі үшiн жаңа тарихи кезең басталды. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы 19 маусым күні қаламызға жаңа мәртебе бердi. Бұл шешімді қала тұрғындары аса құрметпен, ыстық ықыласпен қабылдады.
Елбасының бұл Жарлығы бізге жаңаша серпін беретіні анық. Бiз Шымкент қаласының күнiн осы тарихи шешiмге байланысты 19 маусым етiп белгiлеп отырмыз, – дедi қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Шаһар әкімі, сондай-ақ, Елбасы атап өткендей, Шымкент қаласы Орта Азиядағы бәсекеге қабілетті, заманауи мегаполиске айналдыруға бірлесе жұмыс істеп, тапсырмаларды толық орындауға сенім білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.