«Өз құқығыңызды біліңіз» Избранное

Среда, 07 Октябрь 2020 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1629 раз

Шымкентке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесші Айжани Нұрланова жұмыс сапарымен келді. Министрлік өкілі алдымен қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, жұмысымен танысты. «Еңбек» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап көріп, қала тұрғындарымен және орталық қызметкерлерімен тілдесті. Министрдің кеңесшісі азаматтарға сапалы әрі уақтылы қызмет көрсету әлеуметтік саладағы басты міндеттің бірі екенін еске салды.

418

 

Айжан Нұрланова бұдан кейін мегаполисте жақында ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығына барды. Мұнда қаладағы атаулы әлеуметтік көмек алатын, мемлекеттік грант алған және Жастар практикасына қатысушы азаматтармен кездесу өтті.
Кеңесші жақында ашылған бұл орталықтың жергілікті тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасы өкілдеріне есігі әрқашан ашық екенін айтты. Бұл орталықтың негізгі жұмысы да сол – отбасы мүшелері, әйелдер білмегеніне жауап алады, мемлекеттік қызметтерді алуды үйренеді, өмірдің түрлі түйткілдеріне тап болған жандарға кеңес беріліп, қолдау көрсетіледі.
– Орталыққа келген азаматтардың ЖСН нөмірі арқылы мамандар ол тұрғынның қандай көмек ала алатынын айтады немесе грант ұтып алған жас болса, ары қарай ісін бастауына кеңес береді. Сондықтан, сіздер тек бүгінгідей кездесуде ғана емес, бұл орталықтың күнделікті қызметін білулеріңіз қажет. Себебі, қазіргі таңда мемлекет тарапынан үлкен істер атқарылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Міне, сол істерден, сол көмектен бүкіл халық хабардар болуы тиіс, барлық азамат өз құқығын білуі керек. Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын үкімет» принципі де осылай жұмыс істейді.
Басқосуда министрлік өкілі халықты жұмыспен қамтуға, халыққа көмек беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға, олардың республика деңгейінде жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды.
Жалпы, Жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылдың 8 айында Шымкентте 26 435 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 5372 отбасының табысы тиісті мөлшерден асып кетуіне байланысты тағайындаудан бас тартылған. Ал «Жастар практикасы» бойынша биылғы 8 айда 2099 жұмыссыз жас қаладағы түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге, өндіріс және кәсіп орындарға жолданған.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.