ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫ ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 13 Ноябрь 2020 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2306 раз

500

Шымкентте «Made in Kazakhstan» белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттары шығарылады. Аппараттарды отандық кәсіпорын «RoboAvia» ЖШС өндіреді. Бұл Қазақстанда роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз компания.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында Тассай тұрғын алабындағы аталған өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты.
«RoboAvia» жеке кәсіпорны 2015 жылы құрылған. Серіктестіктің басты өнімі – «Sapsan -3000» аппараты. Электр қозғалтқыштан қуат алатын мақтаулы ұшақ жұмыс барысында 4-5 сағат тоқтаусыз әуеде қалықтайды. Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ұшады. 40 шақырым градус айналасында операторлармен байланыста болады. Бұл өнімге сұраныс өте жоғары.

Без имени-1

38 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндіріс орны жылына 120 роботтандырылған ұшақ шығаруға қауқарлы.
Дронды ұшақтарды пайдаланудың маңызды артықшылығы – үлкен аумақтарды нақты уақытта қарау және автоматты патрульдеу мүмкіндігі. Пилотсыз ұшу аппараттарын бір күн пайдаланғанның өзінде 8000 гектардан асатын аэрофототүсірілім жасауға болады (ұшу биіктігі 1500 м). Сонымен қатар, бұл ұшақтардан түсірілген аэротүсірілім биіктіктен суретке түсірудің барлық әдістерінен әлдеқайда жақсы. Бұл ұшу апараттары мұнайдың төгілуі мен ағып кетулерін анықтайды, инфрақұрылым мен кіретін жолдардың жағдайын талдайды. Аэрофототүсірілім заңсыз мұнай айдау, бөтен көліктер мен құрылымдар, заңсыз жерді пайдалану және басқа да рұқсат етілмеген іс-әрекеттер анықтауға мүмкіндік береді.
Алып кәсіпорынның жұмысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі ұшқышсыз аппараттардың мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық салада тиімді пайдалану тұстарын зерделеуді және қолдану қажеттігін айтты.

 

Последнее изменение Пятница, 13 Ноябрь 2020 04:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.