Газ құю станциясы іске қосылды Избранное

Среда, 19 Май 2021 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2302 раз

Үшінші мегаполисте метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды. Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жобаны жүзеге асырған отандық инвестор – «АГНКС Қазақстан» ЖШС.

832

 

Станцияның қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды, бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Жаңа 18 жұмыс орны ашылды. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Олардың санын 5 бағанға дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарлануда. Бұл қуаттылықты сағатына 3600 текше метрге дейін арттыруға жəне күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.