ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА Избранное

Среда, 02 Март 2022 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 741 раз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, Украинадағы қақтығыстың ел экономикасына әсері, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру жайы мен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды.

365

 

Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Сондай-ақ, Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңа шаралар кешенін қабылдады.
Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі
М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Үкімет отырысынан соң қала әкімі жауапты сала жетекшілеріне кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүзеге асырылатын барлық бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет басшысы цифрландыру мемлекеттік сервистің барлық түрін қамтуы тиіс екенін айтып, бұл үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін түгел интеграциялау қажеттігін мәлім етті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс деді.
Қала әкімі осы бойынша цифрландыру басқармасына жұмысмен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығын цифрландыру жүйесіне толықтай көшіру ісін қолға алуды айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.