МАҚСАТ – АЙҚЫН, ТАЛАП – БІРЕУ Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1080 раз

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалында қала әкімі, филиал төрағасы, Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен партиялық актив отырысы өтті. Мәжіліске Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

413

 

Күн тәртібінде «Amanat» партиясының кезектен тыс XXII съезінің шешімдерін орындаудағы Шымкент қалалық филиалының міндеттері қаралды.
Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева партияны жаңғыртудың бағдарламасын іске асыруда алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады. Сондай-ақ мәслихат депутаты, фракция мүшесі
А.Жұмағұлова, «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Серкебаев және «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.Жүнісбек сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, филиал төрағасы Мұрат Әйтенов төмендегідей тапсырмаларды бекітті.
1.Халықпен кері байланысты күшейту.
2. Сайлауалды уәделер толығымен орындалуын
қадағалау.
3.Қалалық партия филиалы жанынан қала тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылайтын орталық пікірталас алаңын ашу мүмкіндігін қарастыру.
4.Аудандық партия филиалдарына қарайтын ірі Бастауыш партия ұйымдарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу мүмкіндіктерін қарастыру.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік және партиялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейту.
6. Аймақтың «Jas Otan» жастар қанатының қала жастарымен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды
күшейту.
Жиында қала әкімі, филиал төрағасы Мұрат
Дүйсенбекұлы шаһардың дамуы мен келешегіне қатысты ойларымен бөлісіп, күрмеулі мәселелерді шешуде партияның ерек екендігін айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.