БІР ЖЫЛДА – 127 ЖҮЛДЕ Избранное

Среда, 16 Март 2022 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 898 раз

Шымкент қаласында еліміздегі дәстүрлі өнер бағытындағы тұңғыш мектептің ашылғанына биыл бір жыл толып отыр. Қаратау дәстүрлі өнер мектебі 2021 жылғы 15 наурыз күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей қолдауымен ашылған болатын.

500

 

Осы уақыт ішінде өнер мектебінің шәкірттері халықаралық, республикалық, қалалық байқауларға қатысып, 127 жүлдеге қол жеткізді. Бұл қадамын енді басып келетін жас мектеп үшін өте үлкен жетістік.
«Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде бір жылдық мерейтойға орай және көпшілік қауымды дәстүрлі ұлттық өнердің төл туындыларымен таныстыру мақсатында мерекелік іс-шара өтті.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.
Іс-шара аясында ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттайтын күй мен жыр, әндер айтылып, ұлттық аспаптардың қатысуымен шығармалар орындалды. Сонымен бірге балалардың қатысуымен ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың рәсімдері көрсетілді. Келушілер ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі мен бейнелеу өнерінің «Көркемсурет» галереясын тамашалады. Өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов қонақтарға бір жылда атқарылған жұмыстардың барысын таныстырып өтті.

5014


Айта кетейік, Қаратау дәстүрлі өнер мектебі дәстүрлі өнер және көркем-шығармашылық екі бағытта жұмыс істейді.
Дәстүрлі өнер бөлімінде домбыра, қыл қобыз, прима қобыз, жетіген, айтыс, дәстүрлі ән, ән домбыра, фортепиано, вокал сыныптары жұмыс істейді.
Көркем-шығармашылық бөлімде «Зере» дәстүрлі тәрбие сыныбы (қыздарға арналған), «Толағай» дәстүрлі тәрбие сыныбы (ұлдарға арналған), «Шамшырақ» сәндік-қолданбалы өнер сыныбы (қыздарға арналған), қолөнер сыныбы (ұлдаға арналған), көркемсурет, поэзия, шешендік өнер, актерлік шеберлік, «Қазына», «Қаратау қызғалдағы» би үйірмелері бар.
«Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі Шымкент қаласы Бекет батыр көшесі, № 5 үйде орналасқан. Мұнда мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер (6-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер мен жастар) қабылданады. Мектепті бітірушілерге арнайы куәліктер беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.