Жол саласына жауапты мамандардың семинары өтті

Вторник, 26 Апрель 2022 07:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 974 раз

Шымкентте тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармалары қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен мамандар арнайы келген.

 

Сапа орталығы - семинар 1

 

Мекеменің қалалық филиалында өткен семинарға Шымкент қалалық және Түркістан облысы мен аудандарының автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы мен бөлімдерінің жетекшілері, мамандары қатысты.

– Мұндай семинар өткізудегі басты мақсат – халыққа қызмет ететін жол салудың сапасын жақсарту. Себебі, осы саладағы қызметкерлердің тек 10 пайызының жол саласы мамандығы бойынша дипломы бар. Ал жол құрылысына тапсырыс берушілердің біліксіздігі жол сапасына тікелей әсер етеді. Осыған орай жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтеді деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Бауыржан Жексенбеков.

 

Сапа орталығы - семинар 2

 

Жол салуға, салаға қатысты жұмыстарға тапсырыс беруге жауапты қызметкерлер Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалындағы зертханамен, сынама жүргізетін құрылғылар және қондырғылармен танысты. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс істеу барысы түсіндірілді. Бұдан кейін елордалық мамандар мен жергілікті қызметкерлер саладағы соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелерді талқылады, пікір алмасты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Последнее изменение Вторник, 26 Апрель 2022 07:11
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Хабарлама БАЛАЛАР ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ »