ШЫМКЕНТТІК 500 ОҚУШЫ ЭСТАФЕТАҒА ҚАТЫСТЫ Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:20 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 411 раз

Шымкентте Жеңіс күнінің құрметіне «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Газеттің дәстүрлі іс-шарасы биыл 83-ші рет ұйымдастырылды.

SporT

 

–Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – оқушылар арасында жүгіру эстафетасы. Барлығыңызды Жеңіс күні жеңіс тұғырынан көру бұйырсын!–деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.
Жүгіру эстафетасына 500-ге жуық мектеп оқушысы командаға бөлініп қатысты. Жарыс талабы бойынша әйелдер 3 кезеңде 900 метр қашықтықты, ерлер 7 кезеңнен тұратын жарыста 3400 метр қашықтықты жүгіріп өтті.
–Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Жеңіс күніне орай жеңіл атлетикадан эстафета ұйымдастырып отымыз. Бұл эстафета Ұлы Отан соғысы жылдарында да өткен,– дейді «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко.
Үздік командаларға демеушілер атынан сыйлықтар, Алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

Гүлназ АСАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ЖҮГІРУ ИНФАРКТТАН САҚТАЙДЫ!