ТІЛ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Среда, 07 Декабрь 2022 05:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1171 раз

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.

 

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Дегенмен, қазіргі таңда біздің ұлтта тіл өзекті мәселе болып отыр. Бірақ «сабақты ине сәтімен» деген. Еліміз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке жетті. Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Айтар болсам, өзім жұмыс істеп жатқан Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында тіл үйренушілер арасында викториналық жарыстар, семинарлар, ашық сабақтар көптеп ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Соңғы кезде тіл үйренушілердің арасында біздің салт-дәстүрімізге және тіліміздің әдемі әуезділігіне қызығып білгісі келетіндер өте көп. Өйткені олар қазақ жерінде түрып жатқан соң білуіміз парыз деп санайды. Бастысы біздің жетістігіміз деп білемін. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз деп ойлаймын.
Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде
Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...
Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған.

Г.Есепбаева,
Шымкент қаласы тілдерді оқыту- әдістемелік
орталығының оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.