Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады Избранное

Пятница, 24 Февраль 2023 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 695 раз

aitenov-akorda

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.Мемлекет басшысына үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Өткен жылы мегаполис экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қаланың даму перспективасы ескеріле отырып, жаңа бас жоспар бекітіледі. Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін шет аудандардың тұрғындары ауыз сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетінін баяндады.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 25 мектеп салу жоспарланған. Биыл 12 мектептің құрылысы басталатын болады. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис басшысына әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.