Шымкенттіктердің 70 пайыздан астамы қазақтар

Среда, 17 Май 2023 04:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 744 раз

2023 жылдың 1 қаңтарында Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 192 120 адамды құрады. Шымкенттіктердің 70,9 пайызы, яғни 845 228 адам — қазақ. Ал, 15,9 пайызы немесе 189 271 адам өзбек ұлтының, 6,3 пайызы немесе 75186 адам орыс ұлтының өкілі.

 

2022 жылдың 1 қаңтарындағы дерекпен салыстырғанда қазақтар 80281 адамға (9,5%-ға), украиндар 5027 адамға (69,6%-ға), әзербайжандар 2999 адамға (13,5%-ға) және татарлар 1021 адамға (9%-ға) көбейіп отыр. Ал, орыстар 15686 адамға (20,9%-ға), өзбектер 3892 адамға (2,1%-ға) және түріктер 1126 адамға (16,8%-ға) азайғаны байқалып отыр.
Жыл басындағы статистикалық деректерге сәйкес, Шымкент қаласында 1 192 120 адам тұрады. Оның ішінде қазақтар - 845228 адам, өзбектер - 189271 адам, орыстар - 75186 адам, әзірбайжандар - 22245 адам, татарлар - 11407 адам, украиндар - 7220 адам, кәрістер - 7135 адам, түріктер - 6692 адам, күрттер - 3737 адам, ұйғырлар - 2451 адам, немістер - 2042 адам, қырғыздар - 1557 адам, шешендер - 1498 адам, тәжіктер - 1399 адам, гректер - 953 адам, белорустар - 746 адам, башқұрттар - 651 адам және басқа ұлттар - 12702 адам.

Е.ҚУАТБЕКОВ,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Әлеуметтік және демографиялық
статистикасы бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.