МАЛ СОЮ ҮШІН АРНАЙЫ ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕНДІ

Пятница, 23 Июнь 2023 05:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1008 раз

Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу таңғы сағат 08:00 -де басталады. Осыған орай, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы адам мен жануарларға ортақ, аса жұқпалы (сібір жарасы, құтыру, бруцеллез) ауруларының таралуын болдырмау, қорғау мақсатында бекітілге тәртіпке назар аударуды талап етеді.

 –Құрбандыққа шалатын малдың бірдейленуі, яғни құлақ жапсырмаларының болуы, АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандыққа аталған тірі малдың №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп,  тек бекітілген орындарда сою қажет.  Сонымен қатар, алынған жас етті (балалар үйіне, бала бақшаға, ауруханаға, мешіттерге т.с.с ұйымдарға) өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасының болуы және тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс, – делінген хабарламада.

Шымкент қаласы бойынша арнайы мал соятын орындардың тізімі:

1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі н/з.
Байланыс телефоны: 8775 930 64 44

2. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық- 3 тұрғын алабы №1989 учаске.
Байланыс телефоны: 8701 392 83 09

3. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске.
Байланыс телефоны: 8778 122 31 11

«ШК» – ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.