Құрсайда балаларға жаңа мектеп пен алаңшалар Избранное

Среда, 26 Июль 2023 04:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 357 раз

Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде 20 мыңға жуық халық тұрады. Елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту, білім және денсаулық ұйымдарымен қамтамасыз ету, балалардың бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік жасауда үлкен жұмыстар жүріп жатыр.

533

 

Құрсайда үш білім ұясы болса, жаңа оқу жылында тағы бір жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Елді мекендегі Шаштөбе көшесіндегі 2022 жылы жаңа мектептің құрылысы басталған болатын. «Әл-Фараби» атындағы білім ордасы 900 балаға арналған. Бүгінде құрылыс аяқталуға таяу. Нысанның сыртқы, ішкі әрлеу жұмыстары біткен. Жеке инвестордың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда.
Елді мекенде инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңы және 2 ашық алаңша орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады.
Айта кетейік, биыл Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.