ШАҒЫНАУДАНҒА ГАЗ БЕРІЛДІ Избранное

Среда, 26 Июль 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 371 раз

Биыл қалада табиғи газбен қамтамасыз етуде 6 нысанда құрылыс жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сәуле, Солтүстік саяжай,
Бозарық шағынаударында атқарылуда.

536

 

Соның ішінде Солтүстік Саяжай елді мекені тұрғындарына көгілдір газ берілді. Шағынауданда құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған болатын. Жалпы абонент саны 6 мыңға жуықтайтын елді мекенде құрылыс толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары басталды.
Мегаполис тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұртас шағынауданын толық газдандырып, Ынтымақ-2 елдімекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін елді мекендердің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жететін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.