ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС: үш жылдағы жақсы үдерістер Избранное

Среда, 26 Июль 2023 04:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 619 раз

Шымкентте соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық салада жаңа бастамалар мен ірі жобалар қолға алынып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ең бастысы қала халқының нағыз қажеттіліктері ауыз су, газ, жол және жарықпен қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар атқарылды. Айталық, 2020 жылдағы статистикаға қарасақ, қаладағы ауыз су қажеттілігі тәулігіне 323 мың текше метр болса, қолданыстағы судың қуаттылығы 273 мың текше метрді құраған. Мәселені шешу мақсатында 91 мың текше метрді құрайтын «Көмешбұлақ» магистралды суаққысы салынып, ауыз сумен қамту 2030 жылға дейін шешілді.

544

 

Сол секілді, үш жыл бұрын электр жарығының қуаттылығы 330 мВт-ны құраған, ал нақты қажеттілік 455 мВт. Қала халқына ең қажетті электр жарығына деген тапшылықты болдырмауда 220 мВт құрайтын
«Бозарық» қосалқы станциясы салынып, электр қуаттылығы бойынша мәселе 2025 жылға дейін шешімін тапты. Сонымен қатар, 250 мың текше метрді құрайтын АГРС нысаны да 2030 жылға дейінгі табиғи газ тапшылығын туындатпайды.
Шымкент қаласы соңғы үш жылда құрылыс алаңына да айналды. Шаһардағы туризм мен мәдениеттің ілгерілеуіне, экономикалық дамуы үшін инвесторларды тарту ісінде инфрақұрлымның маңызы зор. Әсіресе, қаланың транзиттік әлеуетін арттыру бағытында жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі басым болуы тиіс. Сондықтан қаладағы автомобиль жолдарының сапасы жақсарып, орталық көшелерде ірі жолайрық құрылысы қарқын алған. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөнделіпті. 2021 жылы 189,7 шақырым жолға құрылыс жүргізілсе, 2022 жылы 287,8 шақырым автомобиль жолы орташа және күрделі жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылдың соңына дейінгі жоспар бойынша 304 шақырым жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Осылайша, 2023 жылды жол құрлысы саласы жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл қалаға кіреберістегі басты магистральды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистральды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беріледі.

540

Жалпы Шымкентте экономиканың негізгі салаларында даму көрсеткіші жылдан жылға жақсарып келеді. Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы үш жылда бюджет көлемі 2,6 есеге немесе 244 млрд. теңгеден 642 млрд. теңгеге дейін жетті. Яғни бюджеттің жеке дербестігі 10 пайызға артты. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 128 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар қала экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Экономиканың орнықты дамуы бюджет көлемінің артуына ықпал етті.
Қазіргі таңда қаланың стратегиялық дамуына басымдылық берілген. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспары демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қаралып, жаңадан әзірленді. Бас құжат қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлданып, ҚР Үкіметіне жолданды. Бас жоспардың ерекшелігі – 2035 жылға дейін 3 айналма жол мен қажеттілікке қарай жеңіл рельсті транспорт жобасы қаралған.
Сондай-ақ, қаланың 5 жылдық даму жоспары қайта қаралып, басым салаларды белгілеген. Шымкентте экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгенің 335 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр. Бұдан бөлек өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық аймағын кеңейту көзделуде. Бұл аймақтарда жалпы жиынтығы 400 млрд. теңгеге 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Соңғы жылдарда үшінші мегаполистегі өңірлік бағдарламалар республикаға үлгі ретінде ұсынылып келеді. Солардың бірі – кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады. Екінші бағдарлама – өңірлік «Қамқор» бағдарламасы. Аталған бағдарлама тұрғын үй кезегі санатына енбейтін ааматтарды тұрғын үймен қамтуды мақсат еткен. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 3 млрд. теңге бөлінді.

543


ҚР Президентінің тапсырмаларының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Шымкентте халықты спортқа тартуда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан.
2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.