2023 жылдың І жарты жылдығындағы Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы

Пятница, 04 Август 2023 06:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1150 раз

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер
2023 жылғы 1 маусымда қаладағы халық саны 1203,2 мың адамға жетті.
Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-мамырда 10168 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңде 9772 адам). 2023 жылғы қаңтар-мамырда жаңадан туылған нәрестелер 2022 жылғы қаңтар-мамырдан 2,2% артып, ал өлгендер 5,9% кем тіркелді. Оң көші-қон айырмасы қалыптасты және 817 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырда – 2045 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 246 (272), ішкі көші-қонда – 571 (1773).

 

Тұрмыс деңгейі
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 102106 теңгені құрады. Атаулы ақшалай табыстар 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 14,9% өсіп, нақты ақшалай табыстар 3,6% кеміді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
2023 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 21940 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы маусым соңына 10610 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,4% болып қалыптасты.
2023 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 254202 теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы I тоқсанға 17,2% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы I тоқсанда 98,3% болып қалыптасты.

Баға
2023 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105% құрады. Баға азық-түлік тауарларына 4,7%, азық-түлік емес тауарларға – 5,3%, ақылы қызметтерге 5,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,8% көтерілді.

Кәсіпорын статистикасы
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2023 жылғы 1 шілдеге 27824 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 27387 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22553 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22125 бірлік.
Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 25484 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4% артты.

Экономиканың нақты секторы
2023 жылғы қаңтар-наурызда жалпы өңірлік өнім көлемі 700152,1 млн.теңгеге жетті, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5%. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 28,3%, қызмет көрсету – 63,1% құрады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағалармен 498299,3 млн. теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,1% артты.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнімдер көлемі 8,8% және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде 30,6%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 1,3% өсті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтер) көлемі 20766,5 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңдегіден 0,5% артты.
2023 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 71599,5 млн.теңгені, немесе 2022 жылғы қаңтар-маусымға 114% құрады.
Көліктердің жүк айналымының көлемі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 5363,4 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейіне 144,6% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 2412,1 млн. жолаушы-шақырымды, немесе 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 100% құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 223649,5 млн. теңгені құрады.

Гүлбану ҚҰЛЫМБЕТОВА,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша
департаментінің Жинақтау жұмыстары, пайдаланушылармен жұмыс және құжат айналымы бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.