Отандық өнім экспортқа шығады

Пятница, 11 Август 2023 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 501 раз

ondiris

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, жұжық, консерв өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы сүтті қайта өңдеуші 3 кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді.

Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базарқақпа елді мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС. 2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмыс істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде. Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.