«Суды үнемді пайдалануды үйренуіміз керек»

Пятница, 01 Сентябрь 2023 12:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 991 раз

372985980 3446162552363353 2651390494330059887 n

«Су ресурстары – маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман Мемлекет басшысының Жолдауына орай баспасөз мәжілісін өткізді. Анарбек Оңғарұлы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында су рерустарын үнемді пайдалану бойынша жүйелі мәселелер қозғалғанын атап өтіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көптеген маңызды мәселелер айтылды. Соның бірі – қазіргі таңда елімізде су ресурстарының жағдайын жақсарту мәселесі. Президент су ресурстарын тиімді пайдалану, орынсыз су шығындарын азайту мәселесіне назар аударып, ол бағытта нақты тапсырмалар берді. Кейінгі жылдары елімізде су тапшылығы байқалып келеді. Біз осы бағытта жүйелі, жоспарлы жұмыс атқаруымыз керек. Су ресурстары және ирригация министрлігін құру өте тиімді шешім болып отыр. Суды үнемді, ұтымды пайдалану үшін инженерлік-инфрақұрылымдар, каналдардың жұмыс істеу қабілеті жақсы болуы керек. Тозығы жеткен құбырларды ретке келтіру қажет.

Мемлекет басшысы ендігі ретте ішкі ресурстарымыздың өзін дұрыс пайдалану бағытында елімізде 20 жаңа бөген салу, 15 тозығы жеткен су қоймасын қайта құру, жаңғырту керектігін айтты. Міне, жаңадан құрылатын су ресурстары министрлігіне осы бағыттарда жұмыс атқару міндеті қойылмақ. Жалпы суды үнемдеу технологиясын қолға алу – уақыт күттірмейтін мәселе, – деді Анарбек Оңғарұлы.

Сондай-ақ, А.Орман суды үнемдеу бағытында озық технологияларды, дамыған елдердің тәжірибелерін енгізу қажеттігін алға тартты. Үнемдеуді үйрену, бұл салада мамандар даярлау бойынша да бірқатар өзекті мәселелерден хабардар етті. Іс-шара соңында БАҚ өкілерінің сауалына жауап берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.