Темiржол – қауіпті аймақ

Пятница, 13 Март 2015 10:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3614 раз

temir jollМамандар теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтап, арнайы белгіленген жерлерде ғана өту керектігін ескертеді. ТД-16 Шымкент айналым депосының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Сағидулла Мәденовтың айтуынша, теміржол маңында қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді. Соның салдары қайғылы жағдайларға алып келеді.
–  Теміржолдың бойында тұратын халық малын бос жібереді, ал балалары әрі-бері мектепке өтеді. Тіпті, кейбірі сол маңайда ойнап жүреді. Біз оларға бұлай етпеу керектігін үнемі ескертеміз. Мектептерге арнайы барып, түсіндіреміз. Ең бастысы қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн. Әсіресе, үлкендер балаларының теміржолдан өткенде абай болуына жіті назар салса екен, – дейді С.Мәденов.
Өткен жылы теміржолда 14 адам қаза болған. Машинистер әртүрлі оқыс жағдайларға байланысты пойызды 535 рет жедел түрде тоқтатуға мәжбүр болыпты.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.