Мың отбасыға тегін азық-түлік Избранное

Пятница, 20 Март 2015 04:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3020 раз

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мейірім» күні аясында өткен қайырымдылық акциясына кәсіпкерлер де өз үлестерін қосты. Ордабасы алаңында тұрмысы төмен мың отбасыға тегін азық-түлік таратылды.

11075159 1563291463928433 3870357911814757615 nОрдабасы алаңында азық-түлік тиелген жүк көліктері қаз-қатар тізілген. Төрт ауданның тұрғындарына 25 келілік ұн мен 3 литр май үлестірілді.
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай акцияға қолдау білдірген кәсіпкерлерге алғысын айтты.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына «Орталық қырғы базары», «Алаш», «Айна», «Автонұр» базары, «Дауреханова сауда қатары, «Шымкент Тұлпар» базары мен «Береке», «Алтын дән» ЖШС және «Химфарм» АҚ-ы да атсалысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.