ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛЫ КІМНІҢ БАЛАНСЫНДА БОЛҒАНЫ ДҰРЫС? Избранное

Пятница, 09 Февраль 2024 03:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 343 раз

Жеке су есептегіш құралдары(ИВМ) төңірегінде, оның баланстық тиесілілігі жөнінде сұрақтар көп. Қазіргі таңда бұл құралдар тұтынушының меншігінде. Яғни, олардың пайдалану жарамдылығы үшін тұтынушы жауап береді және ол құралды уақтылы тексертіп, ауыстыруы керек. Дей тұра, электр энергиясы және газбен жабдықтау саласында жеке есептегіш құралдары қызмет көрсетуші мекеменің меншігінде қалып отыр. Бұл қызмет түрлерін тұтынуда есептегіштерге қатысты барлық операциялық шығындар коммуналды қызмет тарифіне енгізілген.

su

 

– Жеке су есептегіш құралдарын пайдалануға қатысты талаптар тұтынушыларға көптеген қиындықтар мен қолайсыздықтар туғызатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан, бұл мәселе сумен жабдықтау және су бұруға жауапты кәсіпорынның соңғы 15 жылдан бергі өзекті мәселелерінің тізіміне енген. Біз уәкілетті мемлекеттік органдарға суды есепке алу құралдарын орнату және оларды тексеру, ауыстыру – жалпы қызмет көрсету жауапкершілігін кәсіпорынның өзіне жүктеп, тарифке енгізу қажеттігі туралы үздіксіз жазып келеміз. Егер су есептегіш құралдарын тексеру және ауыстыру қызметі газбен жабдықтау және энергетика саласындағыдай тарифке енгізілсе, біз өз тарапымыздан сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз. Алайда, әзірге бұл мәселе түбегейлі шешімін таппай отыр, – дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директорының Экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.

su-1


Су есептегіш құралды пайдаланар алдын бастапқы тексеруден өткізілуі керек. Есептегіш құрал стандарттар мен сертификаттау талаптарына және дәлдік көрсеткіші бойынша жоғары метрологиялық санатқа сәйкес болуы қажет. Ал орнату барысы пайдалану талаптарына және «ҚР Өлшеу құралдары туралы» заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Шымкент – тұтынушыларды су есептегіш құралдарымен 100 пайыз қамтыған еліміздің алғашқы қалаларының бірі. Оның үстіне, тұтынылған су есебі дәл біздегідей ешбір өңірде қатаң жүргізілмейді. Біздің қаламызда әр тұтынушы ЖЕҚ-мен толық қамтылған. Мүмкін кейбір қалаларда бірінші орында сумен жабдықтау және жүйелерді пайдалану мәселесі өзекті болар. Ал суды есептеу сияқты мәселелер кейінгі орындарда тұр. Дегенмен қазіргі таңда, биік мінберлерде су ресурстарын үнемдеу, ауыз су шығынын қатаң бақылау қажеттігі туралы көп айтылуда және ол өте орынды.
– Әзірге елімізде су есебін цифрландыру бойынша нақты бағдарлама жоқ. Бірақ, оған қарамай, осы бағытта дамуымыз керек. Қазір нарықта су есептегіш құралдарының алуан түрі бар: сипаттамалары әртүрлі және заманауи түрлері көп. Мысалы, көрсеткішті қашықтан көрсететін, құбыр жарылып, су аққан кезде қашықтан өшіру мүмкіндігі бар және басқа да пайдалы функциялар жеткілікті. Бірақ мұндай су есептегіштердің құны қарапайым су есептегіштеріне қарағанда қымбатырақ. Тұтынушыға оларды сатып алу, пайдалану тиімсіз. Сумен жабдықтаушы
кәсіпорын субсидиялау бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілсе, жаңа үлгідегі су өлшегіштерді енгізу жобаларын жүзеге асыру оңайырақ болар еді. Бұл бірден бірнеше мәселені шешеді: өндірілген және тұтынылатын судың есебін нақтылау, оны ұтымды пайдалану, уақтылы есеп айырысу тұтынушыларға тиімді, – деп санайды Жанатбек Тұрдалиев.
Қазір тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері жеке су есептегіш құралдарының теңгерімдік тиесілілігі мәселесін талдап, оңды шешуге қызығушылық танытып отыр. Олар мемлекеттік органдарға ұсыныс–өтінішін дайындауда.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қоғаммен
байланыс бөлімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.