Астық дақылдарының кеміргіш зиянды жәндіктері

Среда, 12 Июнь 2024 06:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 128 раз

Астық сұр көбелегі дән сұр көбелегі (Apamea anceps) – дәнді дақылдар зиянкесі, қоңыр көбелектер тұқымдасына жатады.

 

Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар күңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы 25-35 мм. Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады.Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қарабидайды, кей-кейде арпаны зықымдайды. Төмендегі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды. Өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді. Бидайды қайталама себу және ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу, жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

Күресу шаралары. Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда әр үлгі 0,25 м топырақ тереңдігі 15 см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м табылса, топырақты өңдеу қажет. Культиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8 см тереңдікке өңдейді.

Өткен жылғы күзде құрттар қыстауға жақсы физиологиялық жағдайда кетті, негізінен олардың салмағы 400 мг болды. Көктемгі қайта тексеру кезінде қыстап шыққан құрттардың салмағы 250-580 мг аралығында ауытқыды, яғни зиянкестердің физиологиялық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. Топырақтың жоғарғы қабатында, сабан астында құрттардың пайда болуы 8-11-нен 20 сәуір аралығында байқалады.

Жаздық бидайды оңтайлы кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердіңжаппай ұшуының ілесетіндігін синхродығын бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып барлығы 200-250 масақ, қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.

Әуез Мұхтар Әуезұлы,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас маман –
өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы 

                                                                

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.