4500 бала лагерге барады

Пятница, 19 Июнь 2015 10:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4746 раз
20120609130929Маусым айының алғашқы күндерінен бастап, жазғы лагерлер балдырғандарға есігін айқара ашты. Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтырылуын, демалуын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылы қала бюджетінен 103 миллион 500 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Қалалық білім бөлімінің мамандары бұл ретте, 4500 бала жазғы маусымды лагерлерде өткізетінін жеткізді. Ең бастысы, мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілмек.
 
– Бүгінде қала аумағы бойынша әлеуметтік тұрмысы төмен 26 мыңнан астам бала бар. Биылғы жазғы маусымда лагерлермен қамтылған оқушылардың үлес салмағы 19,5 пайызды құрайды. Қалаға жаңа елді мекендердің қосылуына байланысты демалатын бала саны биыл айтарлықтай артып отыр, – дейді қалалық білім бөлімі білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту секторының меңгерушісі Айгүл Текебаева.
 
«Ақсу» лагері алғашқы маусымда 200 баланы қабылдады. Сауықтыру орталығының бүгінгі тіршілігі қызу қарбаласқа толы. Асхананың бүкіл жабдықтары мен балалардың жатын төсек-орындары толығымен жаңартылған. Ауызсу мәселесі де қазіргі таңда толығымен шешімін тауып, аула аумағы көріктендірілген. Биыл демалыс аумағының көркін ашу үшін 3 мың түп ағаш көшеттері отырғызылыпты.
 
Бұдан бөлек, қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдәурен» сауықтыру алаыңында да 600 бала тегін демалуда. Мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатысып, тарихи орындарға саяхат жасамақ.
 
Сондай-ақ, өзге де жекеменшік лагерлерде 2700 бала демалуға мүмкіндік алса, өзге 21 мың бала қала мектептерінің жанынан ашылған лагерлерде жазғы демалысын қызықты өткізетін болады.
 
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.