БҰЛ МЕРЕКЕ САНАЛЫ ҒҰМЫРДЫҢ АЙНАСЫ Избранное

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 60 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазанда өткен халықаралық қарттар күніне орай қаламыздың Құрметті азаматы және еңбек ардагері Медеуов Шерім мен Омаров Мұхан Омарұлын құттықтап, сыйлықтар табыстады. Шаһар басшысы ақсақалдарға және олардың отбасына мықты денсаулық, табыс, ұзақ өмір және амандық тіледі.

mereke

 

Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков «Қарттарым – ел қазығы» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Жиналған ардагерлер мен зейнеткерлерге қоғамға сіңірген еңбегі мен үлесі үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады. Мегаполис басшысы іс-шара барысында бірқатар ардагерлерді төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттады.
– Барлық аға буын өкілдерін шын жүректен Халықаралық Қарттар күнімен құттықтағым келеді! Бұл мереке – даналықтың, мейірімнің, саналы ғұмырдың айнасы. Қашан да халқымыз қариясын ардақтап, ақылын тыңдап, өнегесін үлгі еткен. Сіздердің өмір бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен асыл білімдеріңіз – біздің болашағымыздың шамшырағы, қаламыздың, еліміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесіңіз. Сіздер Шымкенттің гүлденуі жолында өздеріңізден кейінгі ұрпаққа бай мұра қалдырып, жанашырлықпен қызмет еттіңіздер. Өмірге деген белсенді көзқарастарыңыз, туған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктеріңіз, қаламыздың дамуына бей-жай қарамағандарыңыз – нағыз азаматтықтың үлгісі. Осы бір ізгі істеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін және зор денсаулық, сергек көңіл, бақытты ғұмыр тілеймін!, - деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 250-ДЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ