250-ДЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 62 раз

Шымкент қаласының әкімдігінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, оның орынбасарлары, сондай-ақ, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

kabidau

 

Тұрғындар түрлі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Қала әкімі әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, барлық шешімдер заң шеңберінде қабылданатынын атап өтті.
Айта кету керек, көптеген сұрақтарға нақты түсініктемелер берілді. Жалпы мемлекеттік қызметшілерден 250 адам консультация, көмек және кеңес алды.
Мұндай қабылдаулар жергілікті атқарушы органдарға туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ғабит Сыздықбеков жауапты тұлғаларға халықпен кері байланысты күшейтуді, ал туындаған мәселелерді шешу кезінде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.