Мерекенi марафонмен қарсы алды Избранное

Среда, 04 Май 2016 06:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3407 раз

Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 5 мың қала тұрғыны қатысқан марафон ұйымдастырылды. Жас та, кәрі де салауатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытты.

5 шақырымдық марафон Д. Қонаев даңғылы бойындағы «Royal club» фитнес клубының алдынан «Наурыз» алаңына дейін созылды. Желмен жарысқан жүйріктердің әрбірінің де жүлдеден дәмесі барын аңғардық.

Жалпы қалалық сайыста Шымкент қаласының тумасы Сабыр Қосақ мәреге бірінші жетті.

«Наурыз» алаңында одан әрі кір тасын көтеруден де сайыс өтті. Соңы мерекелік концертке ұласты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.

– Біздің баға жетпес байлығымыз – бірлігіміз. Татулық – тұрақтылықтың ең басты тұғыры. Ал тұрақтылық – ұдайы дамудың бірден-бір кепілі, – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.