Газ магистралiнен келер қауiп жоқ Избранное

Пятница, 15 Июль 2016 04:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3352 раз

13695878 1113923931987629 1511190960 n«Қазақстан-Қытай» газ магистралінің Түлкібас ауданы Балықты ауылында орналасқан бекеті БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур ұйымдастырды. Бұл бекет ауылдан үш шақырым жерде орналасқан екен. Аталған магистральдық газ құбырлары арқылы Түркіменстаннан Қытайға табиғи газ жөнелтіледі.

Сондықтан болар, әлеуметтік желілер мен сайт оқырмандары арасында түсінісбестік туындап, «Қытай қалашығы» екен деген ақпарат тарап кеткен болатын. Сапар барысында қаптаған қытайлықтардың қызмет етпейтініне куә болдық. Серіктестік мамандары да бұл жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. 

– Бұл газ магистралі 2008 жылы басталып, төрт жыл ішінде аяқталған болатын. Қытайға өтетін түркімен газынан төнер ешқандай қауіп жоқ. Газ құбырындағы қысымдау жұмыстары талапқа сай атқарылады. Біздің мекеме мемлекетаралық газ құбыры, газды тасымалдау жұмыстарын жүргізеді. 200-ден астам маман газ тасымалдау жұмысымен айналысады. Оның 17-сі қытай азаматы. Олар вахталық әдіспен еңбек етеді, – дейді журналистерге сұхбат берген «Азия газ құбыры» ЖШС-і ОҚО филиалының директоры Бахадыр Нарымбетов.

 

Последнее изменение Пятница, 15 Июль 2016 10:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.