Солтүстiкке көшiру мәселесi қаралды

Пятница, 15 Июль 2016 06:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5272 раз

2016 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков қатысты.

Мәжілісте жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік өңірлеріне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Обыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз кезегінде Ұ.Сәдібеков атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырып, Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға 900-ге жуық отбасы ниет білдірсе, жыл басынан бері 70-тен астам отбасы қоныс аударғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды реттеуге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тарапынан қолдау тауып, тиісті құзырлы органдарға нормативтік-құқықтық актілерді өзгерістер енгізу арқылы сәйкестендіру тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.