«Электронды үкімет»

Пятница, 14 Октябрь 2016 06:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4392 раз

Өз уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді жеделдету және қарапайым халықтың уақытын үнемдеу мақсатында «электронды үкімет»  порталы жұмыс істеп келе жатыр. Жергілікті тұрғындар сағаттап кезек күтпей-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелерін «электронды үкімет»  порталы арқылы шешіп жатұаны жасырын емес.

Бүгінгі таңда порталдың қызмет көрсету аясы күн сайын кеңейіп келе жатыр.  Мәселен, жеке кәсіпкерлікті тіркеу, жұмыссыздық бойынша анықтама, мұрағаттық анықтамалар алу, лицензия алуға өтініш беру, некені тіркеуге қою қызметтеріне  порталға өтініш қалдыруға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз керек.  

 «Электронды үкімет» порталы  арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізуге сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметтер қатарын  алуға мүмкіндік береді. Айталық, мекенжай анықтамасын, зейнетақы қорыңыз туралы анықтама, үй-жайының бар-жоғы туралы анықтама,  жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтамаларды лезде-ақ аласыз.  Айта кететін бір жайт, тұтынушылардың өз беттерінше қол жеткізе алатын анықтамалар қатары  мен мемлекеттік қызметтер саны тағы да толықтырылмақ.  

Бұрын қарапайым халық бірінші басшыға кіру үшін бір ай бұрын жазылып, кезекке тұратын еді, ал қазір үйден шықпай-ақ өзіңізді толғандырған сұрақты  өзіңіз қалаған басшының электронды мекен-жайына  жолдай аласыз. Бұл ретте сізге «Электронды үкімет» порталы көмекке келеді. 

Осылайша «Электронды үкімет» порталы арқылы ұсынылатын қызмет түрлерін толыққанды пайдалануға зор мүмкіндік жасалған. Портал арқылы өз уақытыңызды өзіңіз игеріп, қалаған қызмет түріне қол жеткізуге болады.

Г. ТАЙСАЛОВ,
Шымкент қаласы Абай ауданы Әділет басқармасының заңды тұлғаларды 
тіркеу саласының бас маманы, «Заңгерлер Одағы» РҚБ ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.