Сақтансаң сақ боласың!

Четверг, 16 Февраль 2017 11:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5694 раз

АИТВ (ВИЧ) - адамның иммун тапшылығы вирусы.

ЖИТС (СПИД) – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы.

Халықтың барлығы АИТВ/ЖИТС туралы білуі тиіс.

Кез келген адам АИТВ-ны жұқтырып алуы мүмкін, ол адамның жасына, жынысына, экономикалық жағдайына байланысты емес.

АИТВ жұқпасы адам ағзасына енген соң, иммундық   жүйені зақымдап, түрлі инфекциялық ауруларға жол ашады.

 

АИТВ мынадай жағдайда жұғады:

  1. Қан арқылы.
  2. Жыныстық жолмен.
  3. АИТВ жұқпасы бар анадан балаға.

АИТВ-ның алдын алу шаралары:

     1. Салауатты, әдепті өмір сүру.

     2. Жауапты жыныстық катынас, адалдықты ұстану.

     3. Есірткі, алкогольді қабылдамау.

       Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын насихаттау бәсеңсіген емес. Қазіргі таңда АИТВ-ны жыныстық жолмен жұқтыруы көптеп кездесуде, бұл дегеніміз әлі де жастардың АИТВ-на немқұрайлы қарайтынының белгісі.

Толық мағлұмат алу, тексерілуден өту үшін CПИД орталығына келіңіздер.

Айтарымыз өзіңнің, жанұяңның денсаулығы өз қолыңда, ағайын!


Дәрігер-зертханашы                                                     Оспанова А.С.

Последнее изменение Четверг, 16 Февраль 2017 11:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.