1275 жас жұмыспен қамтылады

Среда, 12 Июль 2017 05:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2362 раз

1275-jasӨңірімізде 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, осы жылдар ішінде 15 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2017 жылға республикалық бюджеттен 63,1 млн теңге қаржы бөлініп, 1275 жас сарбаз кезең кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылған, сондай-ақ маусым айында 205 жас жұмыспен қамтылған.
– «Жасыл ел» еңбек лагерлеріне тартылатын жастардың басым бөлігі ОҚМУ, ОҚМПИ-дың және Шымкент аграрлық колледжі студенттері болса, аудан, қалаларда көбінесе жұмыссыз жас азаматтар тартылуда. Олардың орташа еңбек жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде, – деді Б. Нарбекова.
Бұдан өзге жазғы еңбек лагеріне қатысушы жастарға арнайы киім футболка, бейсболка, жазғы шалбар мен күртеше және аяқ киім беріледі. Сонымен қатар, басқарма басшысы жазғы студенттік құрылыс отрядтары бойынша аудан, қалаларда салынып жатқан құрылыс нысандарында 424 жас еңбек етіп жатқанын мәлім етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.