Қасымбек Нұрбекұлына бұрыш ашылды Избранное

Пятница, 09 Ноябрь 2018 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3380 раз

Шымкенттегі «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі суретші Қасымбек Нұрбекұлының бұрышы ашылды.

66

 

Жиынға зиялы қауым өкілдері мен фото-суретшімен қызметтес болған қаламгерлер, ұрпақтары, оқырмандар қатысты. Кітапхананың өнер әдебиеттері бөліміне Қазақстан Суретшілер және Журналистер одақтарының мүшесі Қасымбек Нұрбекұлының 17 еңбегі мен туындылары қойылған.
Мәдени кешке жиналған көпшілік қос өнерді қатар ұстап, есімін елі таныған суретшінің еңбегін дәріптеді, өткеніне тоқталды. Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек біртауар азаматтың болмысы ерекше тұлға екенін айтса, ҚР мәдениет қайраткері Сая Қасымбек өнерге берік азамат екенін тілге тиек етті. Айта кетейік, дарынымен көпке танылған өнер иесінің шеберханасында 1000-нан астам туынды жарық көрген.

Последнее изменение Пятница, 09 Ноябрь 2018 09:57