Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы

Вторник, 20 Ноябрь 2018 10:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2417 раз

Баршаңызға белгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.

Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталды. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.

      

Қанат Жексенбайұлы Сапаров,

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының басшысы,

«Заңгерлер Одағы»РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.