Жобалық кеңсе – кәсіпкерлерге мүмкіндік Избранное

Среда, 27 Март 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2953 раз

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» Жобалық алқасы іске қосылды. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы алаңында ашылған жобалық алқаға қалалық әкімдіктің, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, екінші деңгейлі банктердің, «Даму», «ҚазАгро» өкілдері, Аграрлық несие корпорациясының және ЕДБ кіреді.

Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды.

Без имени-1аа

– Жобалық кеңсе кәсіпкерлік қоғамдастықты экономиканы дамытуға қарапайым нәрселерді мақсатты түрде тарта отырып, жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіреді және өз жобаларын іске асыру барысында кәсіпкерлер тап болатын проблемаларды шешетін болады, - дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Бегулиев.

– Жобалық кеңсе бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейін бизнес жобаларын сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізеді, оларға қолдау көрсетеді, - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Кабиштаев.

Еске сала кетсек, Елбасының тапсырмасымен биыл Қазақстан Үкіметі халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдау үшін 600 млрд теңге бөлген еді. Осы тапсырма шеңберінде екінші деңгейдегі банктерді ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама құрылды.

Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталады.

– Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 7 жылды құрайды, қарыз алушылар үшін сыйақының атаулы ставкасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі ставканы субсидиялау есебінен 8%-ға тең, - деп атап көрсетті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шымкент қаласы филиалының директоры Жамбыл Қалдаров.

Жамбыл Қаныбекұлының айтуынша, бағдарлама аясында дайын өнім өндірісіне ғана емес, сондай-ақ қажетті шикізат және бастапқы өндеу өнімдерін шығаруға (мәселен, қант қызылшасы – қант – кондитер өнімдері), өнімді ары қарай өткізуге қолдау көрсетіледі.

Іскер азаматтарға Кәсіпкерлер палатасында бизнес-жоспарды тегін жасауға мүмкіндік бар. Ал «Даму» қоры арқылы 85%-бен кепілдік беріледі. Қайта қаржыландыру қарастырылмаған. Егер алынған қаржы мақсатсыз жұмсалса, салықтық кедергілер туындаса, несие уақтылы төленбесе, субсидия берілмейді. Бір сөзбен кәсіпкерлер көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Айта кетейік, бүгінде үшінші мегаполисте 120-дан астам жеңіл өнеркәсіп орны бар.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.