Тұрғын үй қатынасы – заң жобасында Избранное

Среда, 29 Май 2019 03:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2818 раз

Шымкент қаласының әкімдігінде пәтер иелерінің кооператив төрағаларымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы заң жобасы талқыланды.

тургын уй заң

Жиынға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, Үкімет мүшелері, ПИК төрағалары мен басқа да ұйымдардың басшылары қатысты.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 23 басқарушы компания көпқабатты 1409 үйге қызмет көрсетсе, 1491 үйде басқарушылар бар. Ал жаңғырту бағдарламасы аясында 947 үй күрделі жөнделуі тиіс болса, 152 үі күрделі жөнделген. Үйлердегі 266 лифтінің 2013 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 29-ы ауыстырылған.

Заң жобасында «Бір үй - бір қауымдастық - бір есеп» қағидасы бойынша меншік иелері МИҚ бірігуінің жаңа формасы қарастырылған. Депутаттардың айтуынша, заң жобасының негізгі міндеті – жүз пайыздық кондоминиумдарды құру. Заңға енгізілген жаңа түзетулер көптеген рәсімдерді түбегейлі жеңілдетеді.

Аталған заңда әкімдіктерге нысанның қасбетін, шатырын жөндеуге, су деңгейінің көтерілу қауіпі бар аймақтардағы тұрғын үйлердің беріктігін арттыруға, лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, газ саласында бақылау орнатуға қатысты қосымша өкілеттік беріледі.

Айта кетейік, 2019 жылдың сәуір айында ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.