Жәрдемақыны пайдалы іске жұмсады Избранное

Среда, 05 Февраль 2020 03:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1543 раз

Шымкент қаласының тұрғыны, бес баланың анасы Нұргүл Әлтенова өткен жылдың басында мемлекеттік гранттың конкурсына қатысып, 505 мың теңгеге ие болған.

кәсіп ашты

Алдымен үш айлық кәсіптік оқудан өткен. Өзінің бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан ол тиісті қаражатына тәтті нандар (торт) дайындауға қажетті жабдықтар сатып алған. Бүгінде тапсырыспен түрлі тәтті нандар дайындап, көпшіліктің алғысына бөленіп отыр. Көпбалалы ана өз кәсібін, оның ішінде өнімдерін таныту мақсатында әлеуметтік желіде ашқан.

- Кәсіп ашамын деуші көпбалалы отбасыларға жағдай жасап беріп отырған ел ағаларына шынайы алғысымды білдіремін. Ешкімге тәуелді болмай, өз ісіммен шұғылданып, отбасымды бағып-қағуға жетерлік пайда тауып отырмын. Алдағы уақытта тәтті нандар дайындайтын шағын цех ашсам деген ниетім бар, - дейді Н. Әлтенова.

Атап өтсек, өткен жылы Шымкентте 3478 азамат мемлекеттік грантқа ие болған. 2955 азамат «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқытылған.
Мемлекеттік гранттың конкурсына:

- Жасы 29 жастан аспайтын жастар;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар (жұмысқа жарамды);
- Көпбалалы ата-аналар;
- Аз қамтылған отбасылар (АӘК алушы) қатыса алады.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ,
Халықты жұмыспен
қамту орталығының
баспасөз хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Айлық жалақысы өсті Әбу Нәсір әл-Фараби әлемі »