Өмiрi өнеге

Понедельник, 08 Сентябрь 2014 05:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2332 раз

Бүгінде 84 жастың белесіне шыққан Исабекова Шайғаным әже өсіп-өнген, тамыры тереңге жайылған әулеттің анасы. Шымкент қаласындағы педагогикалық институтта 25 жыл бел жазбай еңбек етіп, еліміздегі білікті де білімді мамандардың тарбиеленуіне көп күш қайрат жұмсаған жан.

Шәкірт те артыңнан ерген тамырлы ұрпақ секілді. Ш. Исабекова ұстаз ретінде  қара тақта, ақ бор ізі мыңдаған физика, математика мамандарының қанаттануына, талаптануына жол ашты. Әрбір заңдылықтың өмір, қоғам үшін маңызы мен атқарар рөлі еңбек жөнінде қолға шырақ ұстата білді.  Жан жары Жанабіл Исабеков те елі үшін ерен еңбек еткен. Ұлы Отан соғысында ұрпақ азаттығы үшін шайқасқан ер.
Жеңіс туын желбіретіп елге оралған тұста, еңсесі түскен ел ішінде азаматтық адал ісін арнап, көшті сүйреуге бағыттап, біршама жыл тер төккен. 1949 жылы шаңырақ көтерген елінің ардақтылары арда биік жолында, парасаттылық пен сыйластық, жарасымдылық жолында орта мен туған-туысқа үлгі-өнегені молынан паш ете білді. Есікті босаға төрінде бесікті жырдың әуені талмай естіліп, алты ұл-қыз өмірге келді. Қазіргі күні Мая есімді қызы көз қуанышына айналған.
Немере ортасында ұлан-асыр бақытқа кенелген Шайғаным әженің тәлімі мен тәрбиесіне көпшілік бас иеді. Жан жары қайтпас сапарға кетсе  де орнын жоқтатпауға тырысып, әкелік пен аналықтың ардақты жолын қатар ұстанған аяулы жанның ұрпақ баласына да айтары мол. Жалқаулық пен жұмыссыздыққа, бос шылбырлыққа жаны қарсы әже, ұрпақтарын да қайсарлық пен мехнат төзімділігіне бейімдеп келеді.

Ж.Байтілес.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Акцияның тағылымы мол Мұндай зұлмат болмасын »