НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 58 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралауы барысында Нұршуақ және Жұлдыз шағынаудандарында салынып жатқан заманауи мектептердің құрылысын тексерді. Оқу орындары пайдалануға беруге дайын. Үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталады.

 

Қала әкімі тарапынан мердігерлерге бірқатар ескертулер айтылды және оны қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырма берілді.
Бұдан бөлек, Ғ.Сыздықбеков
Жаңаталап тұрғын алабында салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Жақын арада көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.
Мұнан кейін Ғабит Әбдімәжитұлы Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебіне барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Шаһар басшысы «Өздеріңізге белгілі, өткен аптада бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізуді және кәріз жүйесін жаңартуды тапсырған едім. Ал, ғимараттың техникалық жағдайы туралы қате қорытынды берген «STROYCORP» ЖШС-не қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады» деді.
Сондай-ақ, қала әкімі Абай саябағындағы скейт-паркті қарап шықты. Аудан әкімі мен энергетика басқармасына қосымша жарықтандыру бойынша нақты тапсырма берді.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.