ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «TURKISTAN INTERNATIONAL MARATHON» - ҒА ҚАТЫСТЫ

Понедельник, 15 Ноябрь 2021 08:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 954 раз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің қызметкерлері «Turkistan International Marathon» спорттық-бұқаралық жүгірісіне қатысты.
Іс-шара Түркістанға түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін беру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.
Бұл марафон әлемнің 19 елінен және Қазақстанның барлық қалаларынан спорт сүйер қауымды жинады.

366

 

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шараға Агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов, басқарма басшысы Нұрлан Садыбеков, сондай-ақ Агенттіктің Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстары, Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Спорт пен парасаттылық құндылықтарының үйлесуі салауатты және жетілген қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан Агенттік әрдайым салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қызметкерлер арасында дене белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.