Тәртіп бұзғандарға – айыппұл Избранное

Среда, 05 Октябрь 2016 06:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4591 раз

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі «Табиғатты қорғау-2016» шұғыл алдын алу рейдтік іс-шарасы аясында Облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе осы жылдың екінші қазанында Шымкент қаласы Бозарық айналма аумағында сазды топырақты заңсыз қазып алу деректерін анықтап, тоқтатқан.

jer-koinauy

Рейд кезінде полицейлер 1976 және 1956 жылғы азаматтарды, өздерінің  басқаруындағы жер қазу көлігімен (эксковатормен) жерді қазып жатқанда құрықтады. Олар полицейлерге жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін ешқандай нақты құжат көрсете алмаған. Нәтижесінде 2 жер қазу көлігі мен сол жерде тұрған 7 жүк тасу көліктері  заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, бес жүк көлігіне әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, құқық қорғау орган өкілдері аталған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының талабын (жол жабындысын ластау) бұзғаны үшін, жалпы 275 мың 730 теңге айыппұл салды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.