ОҚУШЫЛАРДЫҢ 94 ПАЙЫЗЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 278 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Онда инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы талқыланды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Akim34

 

Сонымен қатар, жиында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов мегаполистің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 250,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек оқушыларды жазғы демалыспен қамту мәселесін баяндады. Биыл жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 94 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімінің тұрғындармен кездесуіндегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуын баяндады. Халықпен кездесу барысында 65 мәселе көтеріліп, бүгінде оның 30-ы орындалған, қалғаны орындалу барысында.
Қала әкімі жауаптыларға бюджет қаражатын барынша тиімді жұмсап, жұмыс көлемі мен сапасын арттыруды ескертті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.