Мемлекеттік тіркеуді жою үшін сотқа қосымша талап беруге негіз жоқ

Вторник, 31 Январь 2017 18:30 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3439 раз

Абай аудандық сотының 15.12.2016 жылғы шешімімен Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасында жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру актісі және олардың тіркеулерін жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

Себебі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 жылғы №6 санды «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбірмәселелері туралы» нормативтік қаулысының 22-тармағына сай, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310-III Заңының 33-бабына сәйкес құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбалардың күшін жоюды соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде тіркеуші орган жүзеге асырады.

Даулы жылжымайтын мүлікте ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық белгілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орындалуына кедергі болмауға тиіс.

Осындай ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайдатіркеуші орган сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс.

Осыған байланысты, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді заңсыз, жарамсыз деп тану туралы, құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою туралы талаптар берудің қажеттілігі жоқ екенін, мұндай талаппен заңды күшіне енген соттың шешімімен тікелей тіркеуші органға жүгіну қажеттігі туралы сотпен негізді шешім қабылданған.


Абай ауданы прокуратурасының прокуроры А.Сапарымбетова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.