ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Вторник, 07 Февраль 2017 12:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4705 раз

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазаны өтеу орындарына, темір тордың ар жағындағы адамдардың тағдырына, тұрмыстық жағдайына, денсаулығына ерекше мән беріле бастады. Соның бір айғағы өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, түзеу мекемелерін реформалау ісі қолға алынды. Бұрын Қылмыстық-атқару жүйесі Ішкі істер министрлігіне қарайтын еді, енді бұл құрылым оның құрамынан алынып, Республика Әділет министрлігінің қарамағына берілді. Мұндай реформа туралы кезінде әртүрлі пікірлер мен көзқарастар болды. Кейбіреулер оны қостамай, бұл түзеу мекемелеріндегі тәртіпті осалсытып жібереді, талай жылдар бойы қалыптасқан жүйені бұзып қажеті жоқ десе, ал мұндай пікірді жақтамайтындар бұл реформа түзеу мекемелерін ізгілендіруге жасалған батыл қадам деп білді. Міне, арада өткен уақыт соңғы пікірдің дұрыстығын растап берді. Соңғы кездері елімізде мемлекет тарапынан бас бостандығынан айырылғандардың құқықтарын сақтауда, оларға заңға сәйкес тұрмыстық жағдайлар жасауға, дәрігерлік көмек, киім-кешек, азық-түлікпен қамтуға орай және т.б. игі шаралар жүзеге асырылуда. Түзеу мекемелерінің жұмысына қадағалау күшейді, өйткені, сотталған азаматтарды тәрбиелеуде, түзеуде қатаң шараларды қолдануға болмайды, оларға ізгілік тұрғыдан келудің маңызы зор.

Сонымен қатар, Ішкі істер бөлімдерімен бірлесе жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Мұнда сотталғандардың күшімен тұрмысқа қажетті түрлі өнімдер өндіріледі, арнайы жұмыс киімдері тігіледі.

Елбасының Қазақстан халқына үстіміздегі жылғы дәстүрлі Жолдауында түзеу мекемелерінен босатылған жандарды қоғамға бейімдеу, оңалту, оларды қайта тәрбиелеу жұмыстарына баса назар аударылды. Осы қағидаларды басшылыққа алған облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мемлекеттік мекемелер өз жұмыстарын Заң талаптарына сай жүргізіп келеді. 


Г.Абдирова,
ИЧ 167/4 түзеу мекемесінің қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.