Құқық бұзушылық жауапсыз қалмайды

Вторник, 04 Апрель 2017 05:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6184 раз

ОҚО медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментімен азамат П. дәріхананың меңгерушісі ретінде Қазақстан Республикасында тіркелмеген «Мукалтин» дәрілерін және асқазан зонттарын сатып алып, сақтағаны анықталған.

Осы дерек бойынша департаментпен азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 2 бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, қарау үшін сотқа жолданған.

Сотпен азамат П.-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы қабылданған.

Аудан прокуратурасымен бірінші сатылы соттың бұл қаулысына наразылық енгізіліп, нәтижесімен облыстық соттың қаулысымен азамат П. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 2 бөлігімен дәрілік заттарды тәркілей отырып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және қызметін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


 

Абай ауданы

прокуратурасының прокуроры

Ф.Сугир

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.