Жолдау Қазақстан дамуының жаңа бағытын көздейді

Пятница, 26 Октябрь 2018 10:36 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2650 раз

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына арналған Жолдауында құқықтық салаға ерекше маңыз берілді. Соның ішінде құқық қорғау органдарының терең және сапалы өзгеріс енгізуді, сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды.

Мемлекет басшысы: «Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүріеді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды.Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр.Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс» деп нақты уақытын да белгіледі. Бұдан бөлек, Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілетін болды. Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін Елбасы Жолдауында бөле-жара айтылды. Бұл қоғамда өзекті мәселеге айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара. Осы орайда бүгінгі таңда барлық салада цифрландыру жүйесіне қосылып, мемлекеттік қызмет көрсету салаларын электронды қызмет көрсетуге көшірілуде. Бұл тұрғыдан Елбасы: «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын», – деді.

Мемлекет басшысы ұсынған Жолдау Қазақстан дамуының жаңа бағытын көздейді. Сонымен қатар, Жолдау Қазақстанның әлемдегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне сеп болады.

 

Т.МЫРЗАЛИЕВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби

ауданының аумақтық сот

орындаушылар бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.