ӨНЕР – АДАМЗАТТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ Избранное

Среда, 28 Август 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 331 раз

 

Шымкентте биылғы жаз бұрынғы жаздан өзгерек. Олай дейтініміз, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ерекше демалыс сыйлау мақсатында "Шым қала кештері" атты концерттік бағдарламаларын 27 шілдеден бері тұрақты өткізіп келеді.

oner

 

OPEN AIR форматындағы концерттік іс-шара қаладағы халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында әр сенбіде өтуде.
Бұл жолы сенбінің кешінде «Наурыз» алаңында «Шымкент-Цирк» эстрадалық оркестрі өнер көрсетіп, цирк қойылымдарымен балалар мен ересектерге ұмытылмас сәттер сыйлап көрерменнің көңілін көтерді. Ал, "Шымсити" саябағында опера және балет театры ұжымы әуелеген әнімен халықтың ыстық ықыласына бөленді.
– Өнер – мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Өткізіліп жатқан концерт арқылы халықты мәдениетке, руханиятқа баулып, театрға қызығушылығын аша алсақ, біздің еңбектің ақталғаны, – дейді Шымкент қаласының опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Жасұлан Сейдазимов.
Сонымен қатар, "Асар"шағын ауданы халқы "Шымкент концерт" ұжымының концертін тамашалап, кешті көңілді өткізді.
Қала тұрғындарының айтуынша мүндай сенбілік кештер қала халқына ерекше көңіл-күй сыйлайды екен.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени, рухани демалыс сыйлап келеді. Айта кетейік, "Шым қала кештері" күзге дейін жалғасады.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.