Әл-Фараби атындағы кітапханада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен ономастика комиссиясының отырысы өтті. Көше атауларына байланысты әлі күнге дейін шешілмей жүрген мәселелер бар. Сол айтылды.

zhana-koshe

Париж. «Ақындар ауылды тұрып Парижде өледі» деп ғаламат ақындар жырына қосқан Париж. Қазақтың ән падишаһы Әміре, Әміре Қашаубаевтың дүние жүзін тәмсандырып, француз аспанын қазақ әнімен әлдилеп ән салған атақты Париж. Қазақтың іргесі бүтін ел болуын армандап, дүниеден өткенше ұлы мақсатынан айнымаған Мұстафа Шоқайдың ізі қалған Париж.

eldos

Ақжолтай хабар. Халық аузында «Кең баба» деп аталатын, кезінде балаларға арнап салынған паркті жекеменшіктен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр екен. Осы мәселені табандап қолға алған қала әкімі Ғабит Сыздықбековке респект!

KeNBABA

ЕЛ МЕН ЖЕР, ҚАЛА БІЗДІКІ

Пятница, 19 Июль 2024 07:08

оның тазалығы Сіз бен бізге керек

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің көрпе-жастығын бір сілкіп, кілемімізді қағып берді. Бірақ, бұл бір жылдық науқан емес, тұрақты түрде жалғасын тауып отырады. Бұл туралы жастармен кездесуінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тағы да айтты.

TazaKa

Сен жақсы журналист болуға тиіссің...

Понедельник, 15 Июль 2024 10:17

jaksi-jurnalist

Бүгін – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Журналистер билік пен бұқараның арасындағы «алтын көпір» десек те, жолдан қосылған жолбикелердің кесірінен осы қастерлі мамандықтың қадірі қашып барады. Жасымыз алпыстан асты. Соның қырық жылында журналистика саласына шиырлап із салыппыз. Басшы да болдық, қосшы да болдық. Алдымыздан талай жас буын өтті. Білгенімізді үйреттік. Ұстаз деп сыртымыздан жақсы лебіздерін айтып жатады. Рахмет.

Өткенде журналистер даярлайтын факультеттің ұстаздарымен әңгімелесіп қалдық. Бүгінгі жастардың қатты өзгеріп кеткендігін айтты. Журналистика мамандығын таңдаған студенттерінің дені телеарнада жұмыс істеуді қалайды екен.

Олардың ойынша, жазба журналистикадан телевидениенің артықшылығы: жұртқа тез танылады екенсің. Мүмкін, рас шығар.

Бірақ, өз басым қандай жағдайда да Жанболат Аупбаев, Қали Сәрсенбай сияқты журналист болуды қалаған болар ем. Талайына айттым.

– Аға, мықты журналист болу үшін не істеу керек? Не кеңес бересіз?

Оның жазылып қойған формуласы жоқ. Ең бірінші отаншылдық, өткір мінез бен мол білім керек. Онсыз алысқа ұзай алмайсың. Бір мысал. Қазақтың көрнекті ақындарының бірі Байбота Қошым Ноғайды (ол кезде Серікбаев) газет басшылығы ұйғырдың мықты компазиторы Құддыс Қожамжаровтан сұхбат алуға жібереді.

– Сен менің қандай шығармаларымды білесің?

Қожамжаров төтеден сұрақ қояды. Байекең көшедегі көптің біреуі емес, дайындалып-ақ барған. Капелемде аузына ештеңе түспей, Қожамжаров «сұхбат бермеймін» деп қайтарып жіберіпті. Композитордікі дұрыс.

Тура осындай жағдай Шымкентте де көз алдымызда болды. Көрнекті театр сыншысы марқұм Әшірбек Сығай облыста өткен мәдениет күндері бір байқаудың қазылар алқасының төрағасы болған.

Фестиваль жөнінде сұхбат беріп тұр. Толымды жауап берді. Өзіміздің танымал болып-ақ қалған тележурналист бүлдірді.

– Аға, аты-жөніңізді айтыңызшы? Кім боласыз, қайда қызмет істейсіз?

Әшекеңнің ақшыл жүзі қаракүрең тартып, әлгіге бақырайып қарап тұрды да, бұрылып кетіп қалды.

Әлгі жазғаннан сұрадым. «Шынымен Әшірбек Сығайдың кім екенін білмейсің бе?». «Аға, шынымды айтайын. Білмейді екем. Бірінші рет көріп тұрмын. Неге ренжиді?».

Жас журналист осы екі мысалдан не қортынды шығарар еді?! Білімсіздік, біліп сөйлемеу қас жауыңнан бөлек, қазақ журналистикасының абыройын түсіреді.

Бірақ, бұл дегеніңіз қазақ журналистикасы өзге ұлттар мен ұлыстардың қалам ұстаған ағайындарынан кем дегенді білдірмейді.

Бірқатар басылымдарда басшы болдық. Жас журналистермен көп жұмыс жасадық. Екі нәрсені қадап айтар едім.

Қысқа хабар, шағын репортаждар болса да, тақырыбыңды біліп жаз. Жұрт оқитындай, алған деректерінің бойына қан жүргізетіндей ойнатып жазуға тырыс. Бұл сенің журналистикадағы жолыңды ашып, ешкімге ұқсамайтын өз стиліңді қалыптастырады.

Екінші, бар тақырыпты жаза алу керек. Бірақ, осы салалардың ішінен өзіңнің жаныңа жақынын бір бөлектеп қой. Сол саланы жазғанда ешкім алдыңа түсе алмайтындай зерттеп-зерделеп жаз. Бір мысал айтайын. «Лениншіл жастың» жас журналисі Жанболат Аупбаевты Алматыдан Мәскеудегі «Комсомольская правда» газетіне тәжірибе алмасуға жібереді. Сол кезде осындай жақсы үрдіс болған. Бір апта өтеді. Қазақстандық жас журналист шағын репортаждарды жазып жүр.

Бір күні редакциядан дүр ете қалады. «Василий Михайлович Песков келді. Песков келді» Атақты журналисті көруге біздің де жас журналист барады. Можантопай орыс мұжығы. Үстінде қаудыр тон, аяғында салабасы шыққан ескі етік. Бұл құдай көріп жүрген мәскеулік журналистер сақал-мұрты бастырылмаған әлгі мұжықтың қасында бал арасындай үйіріліп жүр.

Атақты Песков түр-сойы бөлек бұған қайырылады. Жетелеп шетке шығарады. Жөнін сұрайды. Жазған-сызғанымен танысады. Сосын ақылын айтады.

– Сенің мына жазып жүргендерің күндік дүниелер. Жас жігіт, менің ақылымды тыңдасаң өлмейтін дүниелер жаз. Жаныңа жақын тақырыбыңды тап.Сол сенің атыңды шығарады. Журналистикадағы бақытың да болады.

Күн сәл жылт етсе, қаудыр тоны қаудырап түпсіз тайгаға сіңіп кететін, ешкім аяқ баспаған жерлерге барып, ешкім әлі жаза алмай жүрген тақырыптардан жауһар дүниелер тауып келетін В.Песковыңыздың ақылы жас журналиске, ақылды азаматқа майдай жағады.

Бүгінде Жанболат Аупбаевсыз қазақ журналистикасын көзге елестету қиын. Оның «Ашылмаған аралдар» сериясы қазақ журналистикасының «Оқжетпестей биігі», бәсі бөлек дүниелер. Ағамыздың тосын тақырыптағы жазбалары арада жүз ғасыр өтсе де классика болып қала береді.

Қали Сәрсенбай. Эстет қаламгер. Қазақ мәдениетінің мәйегіне қанған, ұмытылуға айналған талай алыптарымызды өз биігіне шығарған тұлға. Өзі көркем мінезді жігіт ағасының жазбаларынан қазақ мәдениетінің жұпар исі аңқып тұрады.

Қыдырбек Рысбек. Қырық жыл іреміз бірге жан досым, қазақ спорт журналистикасының энцоклопедиясы. Кешегі аңыз Сейдахмет Бердіқұлов, беріде Несіп Жүнісбаевтың шәкірті қазақ спорт журналистикасының бар жыртық-жамауын бүтіндеп жүр. Мына әулие көріп жүрген ормандай орысыңыздың спорт журналистикасында оңдай біліп-талдап жазатын журналист жоқ.

Тізімді соза беруге болар еді, осымен тоқтайық.

Қазақ елінің, журналистикасының шоқтығы биік болып, өзге мықты мемлекеттермен иық тіресіп қатар тұруды Алаш ардақтылары қатты армандады.

Қазақ мемлекетінің негізін салған, Ресей империясының ізін жалғастырған пролетариат көсемі В.И.Ленинге аса білімді, аса зиялы Әлімхан Ермековті салып, қазақ жерінің шекарасын бекітіп алған Әлихан Бөкейхановтың үлкен арманы болды.

- «...Қазақтың байырғы жерін қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді. Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек... Ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру. Бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек...» Қай елдің журналистикасы мықты болса сол мемлекет мықты дегенді де айтқан осы ардақтыларымыз.

Міне, біз осы мақсатқа қызмет етуіміз керек. Крыловтың мысалындағыдай аққу көкке, шортан көлге, шаян жерге тартпай, Қазақстанның егемендігіне бір үйдің баласы, бір қолдың саласындай қызмет етсек, Туымыз ешқашан жығылмайды.

Жас журналистер сұрады, біз айттық. Біліп ал, өз Отаның, өз ұлтыңнан жақының жоқ. Бірлік, ынтымақ қана елді тұтастандырады.

КЕСКЕКТІ ЕРДІҢ СОЙЫ

Пятница, 12 Июль 2024 06:41

5 бокс

Төрткүл дүние дүбіріне құлақ түрып отырған Париж Олимпиадасы ойындары бір қыр астында. Төрт жылда бір айналып келетін, спорт әлемінің ең мықты аламанында олжа салу қай мемлекеттерге де арман. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері алтынсыз қайтып көрмеген, кейінгі жылдар ғана кемесі қайырылған Қазақстан да үмітті. Қатты үмітті.
Жақында Шымкенттегі бокс мектебінің директоры, қаладағы қазақ жастары арасынан әлем чемпионы атағына алғаш қол жеткізген Біржан Жақып спорт ардагерлері, жанкүйерлері, елге мақтаныш спортшыларымыз бен спортқа тұтқа бапкерлердің басын қосып, ас беріп, құран оқытты.
Елдің алғысын алды. Созақбай Әбдіқұлов бастаған ағалар «Парижден алтынмен оралайық» деп ақ батасын берді.
Бүгінгі әңгіме әлем чемпионы Біржан Жақып туралы болмақ.
Біржан Жақыпов-қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына барған жалғыз боксшы.
Шымкенттік оғлан 2005 жылы 23 жасында Мьянмада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша ел құрамасынан ойып тұрып орын алды. Чикагода өткен әлем чемпионатында қытайлық Зоу Шимин жолын кесті.
Әрбір спортшыда өзі үшін қолайсыз қарсыластар болады. Не бір мықтыларды тұқыртқанымен сыралғы қарсыласыңа келгенде адымың тұсалып қала береді. Нұржан Смановты кубалық қабылан Хуан Эрнандес аттатпай қойды. Ермахан Ыбырайымов кубаның тағы бір қара маржаны Дуверхилді бір жеңе алмай кетті.
Ал, қытайлық Зоу Шимин біздің бекзат бітімді боксшымыздың жолында талыстай болып жатып алған.
2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиада ойындарында Біржан атақты Пал Бедак пен Оганес Данилянды жеңген. Ширек финалда Зоу алдынан ат ойнатып шықты.

Лондон. 2012 жыл. Қазір Біржан Жақыпов шаршы алаңға шығады. Қасымдағы сыралғы дос, сол кездегі ОҚО спорт және дене тәрбиесі басқармасының басшысы Болат Қырықбаев қайта-қайта терең дем алып, жеңіл күрсініп қояды. Түсініп тұрмын. Басу айта алмаймын.
Зоу Шимин жеңісті қолдан беретін боксшы емес. Сонау Бейжің олимпиадасынан бергі Әлем, Азия чемпионаттарының да, Азия Ойындарының да аса сапалы металдан жасалған медальдері үйінің қақ төрінде ілулі тұр.
Алса ала берсін-ау, бірақ сол Бейжіңнен бері біздің Біржанның несібесін жырып келе жатқандығы көңілге қаяу түсіреді. Мінезі көркем біздің жігіттің осал жері жоқ.
Зоу Шиминнан аянып қалған жері және жоқ. Бірақ, ұры тазыдай сумаңдап шаршы алаңда ойнақ салатын Зоу тепе-тең ұрыста да жеңіске жетіп кетеді. Оның үстіне Лондонда Қытай бокс құрамасынан Зоудан басқасы жарыс жолынан шығып қалған. Ендеше, бокс әлеміндегі бар атақ даңқты бір бойына жиып алған Зоу шіркініңіз, бір жарым млрд.қа жуық қытайдың үкілеген үміті бұл жолы да біздің жігітке есе беруі қиынау.
Болат екеуіміздің қабағымыз салыңқы тартып, күрсініп отырғанымыз осы.
«Зоудың бір жері сынып қалса екен».
Досым тым алысқа кетіпті. Оңтүстіктің медаль алады деген спортшыларының барлығы орта жолда барлығып қалған. Жеңіспен бірге абырой да керек елге арқырап барғанға. Бәрін бүлдіріп тұрған мынау қытай. Тым құрмаса жартылай финалда жолыққанда ғой.
Әне, екі қолын ербеңдетіп, ботадай ойнақтаған Зоу тұсымыздан өтіп барады.
Артынша Біржан көрінді. Келісті жігіт. Соңында жеке бапкері және Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Айқайладық. Көзі жарқ ете қалған Біржан бізге қол бұлғады.
Алапат айқас басталып кетті. Екеуі де бір-бірін өте жақсы біледі. Екеуінің де ұрыс машығы жүректерінде жатталып қалған. Екеуі де осы айқас алтынға бастайтын баспалдақ екенін жақсы біледі. Біздің жігіт тым ширығулы. Әшейіндегі сынық мінезін бойынан сыпырып тастап, жолбарыстай шабынып жүр. Екеуінің қолдары да алмас қылыштай жарқ-жұрқ. Талмау тұс ашылып қалса наркескендей шауып алуға бар. Аңдысу жоқ, қойғыласу бар.
Зоу Біржанның таудан құлаған селдей екпініне шыдай алмай тайғанақтап ұрыс салып жүр. Жырынды қу шабуыл кезінде ашылған сәттерде есесін жібермейді.
Бірінші раунд та, екінші раунд та Зоудың еншісіне жазылды. Онсыз да қарасұр Болат қаны қарайып сұп-сұр болып отыр. Өзіміздің жігіттер шаршы алаңға шыққанда сарайды мойнымызға іліп кетердей екіленетін біздің түріміз де оңып тұрған жоқ-ау. Бес төрешінің үшеуі ұпайды пианино тілін басқандай қытайға беріп жатыр.
Соңғы раунд. Ақылды жігіт емес пе, Біржан бәрін түсініп жүр. Зоуды ұрып құлатпаса енді жеңіс жоқ. Қос қолы найзағайдай жарқылдап қытай боксшының төбесінде ойнайды. Бокс - өте қатал өнер түрі. Талай ауыр соққылардан талай боксшы қайтпайтын жаққа аттанып кеткендіктен бокс қолғабының ішіне салынатын қыл қыбырды қалындатқан. Жеңіл тию үшін. Жеңіл салмақтағы боксшыға жеңіл тиетін қолғаппен ұрып құлату қиын. Бірақ, намысы тұла бойын буырқантқан Біржан атойлауын тоқтатар емес. Болмады. Ертеңінде тағы келдік. Жарыс басталуға әлі бірталай уақыт бар еді.
- Бақтияр аға!
Шаршы алаң түбіндегі басқышта Біржан тұр. Барып батырымыздың маңдайынан сүйдім. Іштей ширығып жүрген Біржанның көзінен бырт етіп жас үзілді.
- Аға, барымды салдым. Зоу тағы да алдырмай кетті. Өз түйсігімде жеңілген жоқ сияқты едім. Төреші қолыңды көтермегеннен кейін бәрі бекер. Халқымыздың үмітін ақтасам деп едім. Әкем Жақыпты жақсы білесіз, мен үшін жанын беруге бар. Созақбай аға да ақ тілеу айтып қалып еді. Елдің үмітін ақтау үшін аянғаным жоқ.
Жайшылықта сөзге жоқ бауырым қыстыға ақтарылады. Өз басымыз да Біржан жеңілді деген ойда жоқпыз. Теңбе тең айқас. Жеңісті Біржанға берсе де Зоу «оу, бұл қалай болды?» демес еді.
Содан бері талай жыл өтті, тарих парағы сан ашылып, жабылды.
Зоу Лондоннан соң кәсіпқой боксқа ауысты. Ал, үлкен спорттағы үлкен жеңісінен үміті бар біздің Біржан әлем биігін бағындырды.
Алматыда өткен әлем чемпионатында өзбекстандық сыралғы қарсыласы Хасанбой Дусматовты жеңген еді. Әлем чемпионы Йосвани Вейтаны да жолда қалдырған.
Жанкүйерлер Біржанның Рио де Жанейро олимпиадасы ойындарында жүлде аларына сенді. Бәріміз де сенгенбіз.
Бәрі Алланың қалауында екен. Риода халықаралық жарыстарда итжығыс түсіп жүретін Хасанбой Дусматовтың асуынан өте алмады.
Біржан Жақыпов - мінезі көркем, жібектей жігіт. Шаршы алаңда қарсыласының ес-пұсын алғанымен былайғы өмірде шыбынды шертпейтін, кісіге жақсылығы болмаса жамандығы жоқ азамат. Осы Біржанның «мен де атақты боксшымын - еңбегім өткен» деп біреуге дауыс көтергенін көрмедік, қашанда кішік. Ел ішінде әпербақандар көп қой. Біржанның үш олимпиадаға баруын өз бапкері, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтан көргендер бар.
Обалы не керек, жел сөз. Өйткені, 48-49 келі салмақта Қазақстан құрамасында Біржаннан алдын орайтын боксшы жоқ еді.
- Менің арманым Олимпиада ойындарында еліміздің байрағын көтеріп, әнұранын ойнату еді. Сол үшін теңіздей тер төктім. Алла қос көрмеді ме, тілегім орындалмады.
Үміттеріңізді ақтамағаным үшін Мен Сіздерден кешірім сұраймын. Кешіріңіздерші, мені.
...Қанша даңқты спортшыларды көрдік. Жеңді, жеңілді. Бірақ, ешқайсысы халықтан кешірім сұрамаған еді. Ешқайсысы халықтан үлкен емес. Біржан соны түсінеді.
Сол, қазақ байрағын олимпиада төрінде желбіретуге барын салған Біржан Жақыпов бүгінде Шымкенттегі үлкен бокс мектебінің директоры. Үлкен спортта әділетсіздікті көп көрген жампоз өзінің жете алмаған биігіне талантты інілері шықса деген ниетте. Алла қос көрсе, Олимп шыңына осы мектептің түлегі Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан сияқты сайыпқырандар шықса деп тілейік.

 

Таза Қазақстан: Ол кімге керек?! Токетерін айтайық, Сіз бен Бізге керек. Өзі қылаудай тірлік бітірмесе де, аузымен орақ оратындар көп қой. Солардың біразы «Таза Қазақстан» акциясы аузымызды ұрып бітті. Басқа шаруа қалмағандай даладағы қалдықтарды теріп кеттік» дейді.
Сол қағынды қалдық кімдікі, сіз бен біздің жауапсыздықпен, жаныашымастықпен тастаған өз күл-қоқысымыз ғой. Ол туралы ойланғысы келмейді.
Солар жиналмаса, ауыл, аудан, қала тазаланбаса, қоқысқа толған аймақ боларымыз ешкімді ойландырмағаны ма?!

8 taza

Бүгін – Шымкент шаһарының туған күні. 19 маусым – Шымкент қаласы тұрғындары үшін тарихи күн. Үшінші мегаполис мерекесінің жаңа тарихы 2018 жылдан бастау алады.

ShuM

Страница 1 из 6